Жаңалықтар

Алматы облысында қамыс өртеніп жатыр

Алматы облысында қамыс өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ 30.06.2023 17:42 1013

ҚР ТЖМ мәліметінше, Іле-Балқаш резерватындағы өрт аумағы 30 гектарға азайтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылдар бойы өскен тереңдігі 1,5 метр қамыс қалдығы өртті сөндіруде қиындық туғызды. Өрт ошақтарына әуеден су ағызу құрылғысымен су төккен кейін де бықсуда. Осыған байланысты мотопомпалар мен шанц аспаптарын пайдалана отырып, солтүстік жағынан жерүсті тәсілімен, аралшаларға «Н-125 Қазавиаорманкүзеті» авиатехникасының көмегімен десанттарды лақтыру жолымен сөндіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар өрт Бақанас орман шаруашылығы учаскелеріне өтіп кетпеуі үшін орман шаруашылығының қызметкерлері жер жыртумен айналысуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД және «Іле-Балқаш» МЖӘ» РММ, орман шаруашылығынан 80 адам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға