Видеодан алынған мәлімет

Алматы облысында полицейлер ерлі-зайыптыға перзентханаға жетуге көмектесті

01.01.2024 12:11

Алматы облысында полицейлер жаңа жыл қарсаңында перзентханаға жедел жетуге  көмектесті. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға ерлі-зайыптылар күтпеген қиындықтарға тап болған перзентханаға барар жолда болған. Полицейлер қауіпсіз сүйемелдеуді ұсынып,  болашақ ата-аналардың жайлылығы мен тыныштығын қамтамасыз еткен, - делінген мәліметте. 

Осы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде отбасы перинаталдық орталыққа аман-есен жетіп, жаңа жыл қарсаңында ата-ана атанды.