Алматы облысында миллиардерге заңсыз берілген 3500 гектар жер қайтарылды
16.06.2023 13:43
Фото:
El.kz
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы 3500 гектар жер қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, бұл жер 2017 жылы «Форбс» тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.
Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Жыл басынан бері өңірде жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың гектар жер, кадастрлық құны 714 млн теңге мемлекет пайдасына қайтарылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

