Жаңалықтар

Алматы облысында мектеп жөндеуге бөлінген 57,5 млн теңге қолды болған

Алматы облысында мектеп жөндеуге бөлінген 57,5 млн теңге қолды болған
23.06.2023 12:48 980

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру  мән-жайы бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.

Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған, - делінген ақпаратта.

Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-тің есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды.

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар, сотталушымен мемлекетке келтірілген  57,5 млн теңге сомасындағы залал толығымен өтелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға