Жаңалықтар

Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді
Фото: polisia.kz 27.02.2023 10:13 773

Алматы облысының №57 мекеме қызметкерлерімен тыйым салынған заттардың колонияға өткізу әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемеде жазасын өтеп жүрген тонаушыға тыйым салынған заттары бар сәлемдеме жолданды.

Мекеме қызметкерлерімен сәлемдемені тексеру барысында салынған өткір иісті, жасыл түсті, алдын ала болжау бойынша насвай және полиэтилен пакетіне салынған белгісіз ақ түсті дәрілер табылып, тәркіленді. Сәлемдеме жіберген Іле ауданының тұрғыны, әйел адам анықталды.

– Аталған деректер бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі таңда, тәркіленген заттарды анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға