Жаңалықтар

Алматы облысында іздеуде жүрген қауіпті күдікті ұсталды

Алматы облысында іздеуде жүрген қауіпті күдікті ұсталды
Фото: © Polisia.kz 25.11.2023 00:15 2830

Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

4 қараша күні Алматы облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К. есімді азаматты ұстады. ъЖедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194 - бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған. Күдікті - деструктивті діни ағымның жақтаушысы.

Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды. Қазіргі уақытта ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға