Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
20.09.2022 16:01
Фото:
inbusiness.kz
Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Әйелдер оларға бейтаныс ер адамның шабуылдағанын хабарлаған.
Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.
Екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған.
Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткіге мас болғанын айтты.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 120-бабы бойынша тіркелді.
Күдікті қамауға алынды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

