Жаңалықтар

Алматы облысында екі мектепті жөндеу кезінде 57,5 млн теңге ұрланған

Алматы облысында екі мектепті жөндеу кезінде 57,5 млн теңге ұрланған
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.06.2023 12:55 1228

Алматы облысында екі мектепті жөндеу барысында аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыруға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚМА мәліметінше, 2020 жылдың мамыр айында Алматы облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімі мен «ПМК-7К» ЖШС арасында жалпы сомасы 855 млн теңгені құраған «Сарыбастау» және «Қарағаш» ауылдарындағы екі мектептің күрделі жөндеуін өткізуге шарт жасалған.

Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс компаниясының басшысы жобалау-сметалық құжаттамада көзделген жұмыстардың бөлігін орындамау, орындалған жұмыстардың актілерін жалған жасау арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын жымқырған. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде ЖШС-нің есеп айырысу шотына 57,5 млн теңге сомасында ақша қаражаты заңсыз аударылды, - делінген мәліметте.

Тергеу нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімі шықты. Сонымен қатар сотталушы мемлекетке келтірген 57,5 млн теңге сомасындағы залалды толығымен өтеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға