Қазақстанның атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, өңірде екі АЭС бой көтермек, ал тағы бір нысан батыс өңірде салынуы мүмкін.
Мемлекеттік атом саласын дамыту жөніндегі комиссияның отырысында екінші әлеуетті алаң ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы анықталған.
Яғни біздің екінші станциямыз да елдің оңтүстігінде орналасады. Өйткені оңтүстік аймақ электр энергиясына тапшы. Қазір электр энергиясы Солтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша жеткізіліп отыр. Жаңа нысандар тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтуға мүмкіндік береді, - деді Сәтқалиев.
Ол сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын, Қытайдың компаниясы негізгі үміткерлердің бірі екенін атап өтті. Дегенмен соңғы шешім әзірге қабылданған жоқ.
Сонымен бірге Батыс Қазақстан аумағында да АЭС салу мүмкіндігі қарастырылуда.
Каспий теңізі жағалауы – шағын және орта қуаттағы реакторларды орналастыруға әлеуетті орын ретінде қарастырылып отыр. Бұл бағыттағы зерттеулер алдағы уақытта жүргізілетін болады, - деді агенттік төрағасы.

