Алматы облысында орналасқан Олимпиадаға дайындау орталығының стадионында жеңіл атлетикадан Qosanov Memorial халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнир 22-23 маусым аралығыда ұйымдастырылады.
Халықаралық жарысқа Қазақстан командасы үздіктерінің басым бөлігі қатысады. Одан бөлек, 17 мемлекеттен келген 300 спортшы өзара мықтыны анықтамақ.
Атап айтар болсақ, Әзербайжан, Қытай, Эфиопия, Грузия, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Малайзия, Филиппин, Катар, Сингапур, Таиланд, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан.
Аталған жарыс әлемдік жеңіл атлетика күнтізбесінде қола мәртебеге ие.
Турнир Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосановты еске алу мақсатында өткізіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

