Алматы облысында бірқатар автожол бір айға жабылады

Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар көліктің барлық түрі үшін бір айға жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылатынын хабарлайды:
КВ-45 «Талғар-Спутник» – 6 км учаскесінде:
КВ-64 «Түрген-Обсерватория» – 12 км учаскесінде:
Р-17 «Алматы-Талғар-Евгеньевка» – Есік көліне кіреберіс – 7 км учаскесінде:
Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.
