Жаңалықтар

Алматы облысында «Бірлік» атты халықаралық жастар лагері өтіп жатыр

Алматы облысында «Бірлік» атты халықаралық жастар лагері өтіп жатыр
Фото: gov.kz 01.09.2023 04:35 941

Алматы облысы Жамбыл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды.
Іс-шараға Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан жастары, қоғам және мемлекет белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысуда.

Жоба барысында «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту» және т.б. тақырыптарында отырыстар, сондай-ақ, ЮНЕСКО-мен өзара іс-қимыл бойынша жеке алаң өтеді.

Өз сөзінде ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайту қажеттілігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының осы міндетті орындаудағы рөлінің маңыздылығы туралы ерекше атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да мүшелері де сөз сөйледі. Олар жастарға жеке тәжірибелері мен жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, өзекті жобалармен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жастар «Алға Петербург» каналының блогері Иван Червинскиймен кездесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға