Алматы облысында белгісіз адам мотоцикл жүргізушілеріне оқ атқан
20.10.2024 14:41
Фото:
Видеодан кадр/instagram.com/kris_p_almata
Алматы облысының тауларында белгісіз адам мотоцикл жүргізушілеріне шабуыл жасап, оларға оқ атқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы @kris_p_almata паблигінде ақпарат тарады. Ондағы видеода жәбірленушілер оқиғаның қалай болғанын баяндап береді. Бейнежазбадан оқиға орнына полицейлер келіп, күдіктіні ұстап әкеткенін көруге болады. Автрдың жазуынша, мотоцикл тізгіндегендерге шабуылдаған адам қойшы екен.
Облыстық Полиция департаменті 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын айтты. "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

