Жаңалықтар

Алматы облысында балмұздақ алуға шыққан екі қызды көлік қағып, өлтірді

Алматы облысында балмұздақ алуға шыққан екі қызды көлік қағып, өлтірді
Фото: видеодан алынған кадр 11.06.2024 13:38 942

Алматы облысында дүкенге балмұздақ алуға шыққан бір үйдің екі қызын көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

КТК арнасының хабарлауынша, 14 жастағы Ақбота мен оның төрт жастағы сіңлісі Қазына кешқұрым жолдың арғы бетіне, жаяу жүргіншілерге тиесілі емес жерден өтпекші болған. Алайда қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік балаларды қағып кеткен. Екі қыз да оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға куәгерлері дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы көмек көрсеткенімен, қыздарды аман алып қала алмадық дейді. Балаларды қаққан көлік жүргізушісі осы ауылдың 33 жастағы тұрғыны екен. 

Алматы облысы ДП ресми өкілі Меруерт Морякова апат салдарынан кәмелетке толмағандардың екеуі де оқиға орнында қайтыс болғанын жеткізді. Автакөліктің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, марқұм Ақбота мен Қазына бір үйдің кенжелері болған. Енді артында қара жамылып туған екі ағасы мен бір әпкесі, ата-анасы қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға