Жаңалықтар

Алматы облысында баланы итеріп жіберген мұғалімге іс қозғалды

Алматы облысында баланы итеріп жіберген мұғалімге іс қозғалды
Фото: Видеодан кадр 07.12.2023 16:31 1836

Алматы облысында баланы итеріп жіберген жекеменшік мектептің мұғаліміне қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талғарда оқушыны итеріп жіберген "Cosmo" жекеменшік мектебінің мұғаліміне қылмыстық іс қозғалды.

Білім басқармасының мәліметінше, оқиға осы жылдың қазан айында болған. Оқушының ата-аналары құқық қорғау органдарына шағымданды. Мұғалім қызметінен босатылды.

Айта кетейік, мектептің білім беруге ешқандай лицензиясы жоқ екені белгілі болды. Қазіргі уақытта мектепте 81 бала оқиды, 24 мұғалім жұмыс істейді.

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Талғар полициясы ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға