Алматы облысында азық-түлік дүкені мен дәріхана өртке оранды
Мөлдір Қайнар тілші
11.11.2024 10:27
Фото:
ҚР ТЖМ
11 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Алтын Адам көшесі бойында бір шатыр жабыны астында орналасқан азық-түлік дүкені мен дәріхана өртке оранды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесіне қарамастан өрт сөндіру есептобы өртті 140 шаршы метр алаңда сөндірді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұған дейін, Өскеменде жеке үйдің шатыры өртенгенін хабарлаған едік.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

