Жаңалықтар

Алматы облысында әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кеткен

Алматы облысында әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кеткен
Фото: Әлеуметтік желіден 11.08.2023 14:13 994

Алматы облысында босануға келген әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі перезентханада болған. Оның мұндай қадамға баруына операцияның сәтсіз жасалуы себеп деген болжам бар. Өйткені ол осымен үшінші рет құрсағындағы баласынан айырылып отырған көрінеді. Тіпті қасындағы медбике де ұстап қала алмаған.

Әйел үшінші қабаттан құлады. Жағдайы бірқалыпты. Үш рет жүкті болған, үшеуінде де сәтсіз аяқталған. Бірінші баласын ішінде жоғалған. Екінші баласын ЭКО-мен көтерген. Жүктіліктің 26 аптасында құрсағындағы сәбиі шетінеп кеткен. Бұл жолы жоспарлы ота жасалды. Үш рет сәбиін жоғалту оңай емес. Терезеден секіргенде жанында медбике болған, дәрісін беріп жатқан. Итеріп жіберіп, секіріп кеткен,  - деп келтіреді azattyq-ruhy.kz мекеме дәрігерінің сөзін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға