Жаңалықтар

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

Алматы облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?
Фото: © ОКҚ 14.06.2023 17:12 1844

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру аясында Алматы облысының тұрғындары жеңілдетілген шарттармен несие алу мүмкіндігіне ие болады.  Бұл туралы аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Алматы облысының ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 8,3 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. 

«Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасына қаладан бөлек – Қонаев, Есік, Талғар және Қаскелең қалалары облыстың барлық 133 ауылдық округтері қатысуда.  6 аудан бойынша 22 млрд теңгеге 3582 өтініш, оның ішінде 4,645 млрд теңгеге 646 өтініш қарауға елеулі ескертулерсіз түсті.  Қазіргі уақытта «СПК Қонаев» АҚ қарауына 1 289,4 млн.теңгеге 187 өтініш ресми түрде қабылданды.  Ұсынылған құжаттарды сараптау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 180,4 млн.теңгеге 27 өтініш қанағаттандырылды, - деді облыс әкімі.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, берілетін несиелердің ең жоғары мөлшері жеке кәсіпкерлер үшін 2 500 АЕК дейін (8 625,0 мың теңгеге дейін), кооперативтер үшін 8 000 АЕК дейін (27 600,0 мың теңгеге дейін) құрайды. 

 Бүгінгі таңда облыста 11 кооператив тіркеліп, осыншама санды қосымша құру жоспарлануда.  Мәселен, Жамбыл облысында – ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша 2 кооператив, Райымбек ауданында – картоп өсіретін 2 және асыл тұқымды мал өсіретін 1 кооператив, Кеген ауданында – асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған 5, Ұйғыр ауданында – асыл тұқымды мал өсіру бойынша 2 кооператив, - деп толықтырды Марат Сұлтанғазиев.

Әрбір кооперативті құру кезінде кемінде төрт жұмыс орны ашылады.  «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша құрылған 22 кооператив негізінде 88 жұмыс орны ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға