©Pixabay.com

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Алматы облысында әскери тікұшақтың жоғалуына байланысты іздестіру-құтқару операциясы басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылғы 25 шілдеде жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 үлгісіндегі тікұшақ радардан жоғалып кеткен.

Алдын ала деректерге сәйкес, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберіліп, жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Ведомство қосымша ақпарат жарияланатынын мәлімдеді.