Жаңалықтар

Алматы облысында әскери қызметкер бір отбасын өрттен құтқарды

Алматы облысында әскери қызметкер бір отбасын өрттен құтқарды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 06.11.2024 08:32 695

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институты дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы подполковник Елжас Жанұзақов көрші үйдегі газ жарылғанда зардап шеккен отбасына бірінші болып көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға Алматы облысы, Талғар ауданы, Еркін ауылында бірінші қарашада сағат 22:40 шамасында болған. 

Сол кеште Елжас Жанұзақов аулаға көмір алуға шыққан екен. Кенеттен көршілердің үй жағынан жарылысты естиді. Қайғылы оқиға орын алғанын білген куәгер еш ойланбастан отқа оранған үйге қарай жүгіреді. Жанып жатқан үйдің ішіне жүгіре кірген ол дәлізде жарылыстан соң еденде естен танған көршісін көрді. Ер адамды көшеге алып шығып, оны ауылдастарына табыстайды. 

Жарылыс толқыны залдың қабырғасын қиратып кетті. Зардап шеккен отбасының 20 жастағы қызы мен 13 жасар ұлы да құтқарылды. 

Үйде көмекке шақырған отанасы қалды. Кілемді үстіне жаба сала ол ас үйге беттеді. Елжас көршісін үйіндіден шығарам деп тырмысуы сәтсіз болды. Оның аяғы құлаған үйінді құрсауында қалып қойды. Аяусыз жалын жараланған әйелге көмектесуге мұрша бермеді.

Батыл құтқарушы өзінің әрекетін батылдық деп санамайды. Ондай сәтте бей-жай қарап тұра алмағанын айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға