Жаңалықтар

Алматы облысында алименттен жалтарғандар 426 млн теңгені құмар ойынға салған

Алматы облысында алименттен жалтарғандар 426 млн теңгені құмар ойынға салған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/LeonardoAI 24.02.2024 13:01 970

Алматы облысының прокуратурасы алимент бойынша 157 борышкерді анықтады, олар құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.

Мысалы, алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарыз болған жағдайда бір ғана борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды, - делінген мәліметте.

Облыс прокуратурасы бүгінде құмар ойынға салынған 31 адам 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтегенін айтты.

Ал алты борышкерге қатысты алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) көзделген жауапкершілік туралы ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға