Жаңалықтар

Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды

Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Фото: iStock 26.12.2024 18:08 233

Жыл басынан бері Алматы облысында интернет-алаяқтық фактілері жиі тіркеліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, қалыптасқан жағдайға байланысты құқық қорғау органдары осындай қылмыстардың алдын алу мен ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр.

Биыл өңірде интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу әрі ашу мақсатында 7 жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Халықты алаяқтардан қорғау әдістері туралы ақпараттандыру мақсатында 73 акция ұйымдастырылып, 46 мыңға жуық буклет таратылды. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын орындарда 19 билборд, стенд пен LED экран орнатылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтықтың алдын алу бойынша 38 мақала жарияланды, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, 2023–2025 жылдарға арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында «Кибербақылау» платформасында алаяқтар пайдаланған 226 сайт бұғатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға