Алматы облысында ағаш ұстасы цехы өртенді
10.03.2024 23:26
Фото:
ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр
Алматы облысындағы ағаш ұстасы цехында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданының Гүлдала ауылындағы өрт туралы хабарлама 112 нөміріне 10 наурыз күні сағат 19:18-де түскен.
Ауылдағы жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан ағаш ұстасы цехы өртенді. Сағат 19:56-да өрт оқшауланып, 20:14-те жойылды. Ауданы 250 шаршы метрді құрайды. Өрттің себебі анықталуда, - делінген мәліметте.
Өртке Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

