Жаңалықтар

Алматы облысында адам өмірін құтқарған батырлар марапатталды

Алматы облысында адам өмірін құтқарған батырлар марапатталды
Фото: gov.kz 13.09.2024 07:32 386

Алматы облысы ТЖ департаментінде су айдындарында адамдарды құтқарған үш азаматты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков 2024 жылғы 10 шілдеде Талғар ауданының Кеңдала ауылындағы Үлкен Алматы каналында суға батып бара жатқан кәмелетке толмаған баланың өмірін сақтап қалғаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен азамат Серікжан Ботанды марапаттады.

Сонымен қатар адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі 2024 жылғы 14 шілдеде Балқаш ауданының Тасмұрын каналында суға батып бара жатқан қызды құтқарған екінші азамат Қадырхан Әбдіқанға табысталды.  

Үшінші азамат Нұрлан Ақмолдаев, ол 2024 жылдың 18 мамырында Балқаш ауданындағы Іле  өзенінде суға батып бара жатқан 14 жасар баланы құтқарып, ТЖД бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Өміріне қауіп төнсе де бей-жәй қалмайтын азаматтардың патриоттық және батыл әрекеттерін жоғары бағалаймыз. Батыл жүрек мен қайтпас қайсар мінез еліміздің болашағын жарқын етеді!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға