Алматы облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды
11.02.2024 05:34
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
10 ақпанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылынан 20 шақырым жерде қар құрсауында екі автокөлік тұрып қалды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу шықты. Қоңырау шалу орнына дейінгі қашықтық 170 шақырым. Құтқарушылар қар құрсауында кептеліп қалған техника мен ондағы адамдарды шығарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтар ең жақын елді мекенге жеткізілді.
Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауылды ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

