Жаңалықтар

Алматы облысында 5 оқушы бояу иісінен уланып қалды

Алматы облысында 5 оқушы бояу иісінен уланып қалды
Фото: ©pixabay.com 18.04.2024 11:15 671

Алматы облысындағы мектептердің бірінде сырлау жұмысының кесірінен 5 бала уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Талғар ауданына қарасты Жалқамыс ауылында болған. Анықталғандай, білім ордасында табан асты еден сырлап, қабырға бояуды ауысып келгеніне бір аптадай ғана болған директор тапсырған.

Жұма күні жұмыс аяқталғаннан кейін, балалар тараған соң, жуып-тазалап, ақтап, боядық. Сол күні ауа райы аздап салқын болды. Біздің есебімізше, күн ыстық болса тез кеуіп кетер еді. Күн салқын болған соң, бояу жылдам кеппеді, - деді Жалқамыс ауылы №15 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Гүлназ Әліғожаева.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, сол күні 2 кабинет қана сырланған. Бірі - қабылдау бөлмесі, ал екіншісі - оқушылар сыныбы. Бояу сіңбей жатып кабинетте сабақ та өткізілген.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызмет Жалғамыс дәрігерлік амбулаториясына №15 орта мектепте оқитын 5 оқушы жүрек айнуы, бас ауруы және бас айналуы туралы шағымдармен түстікенін жеткізді. Диагноз: бояу иісінен улану.

Иістенген 5 бала да үйіне жіберілді. Шу шыққан білім ордасында сабақтар өтіп жатыр. Мектеп директорының ісіне қатысты тексеріс тобы құрылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға