Жаңалықтар

Алматы облысында 40 мың гектар егістік тамшылатып суарылады

Алматы облысында 40 мың гектар егістік тамшылатып суарылады
Фото: Pixabay 29.07.2024 03:41 643

Алматы облысында тамшылатып суарылатын егістік көлемін 40 мың гектардан асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев «Егінжай күні» семинарында айтты. Жалпы елде суару технологиясы дұрыс қолданылмайды. Бастаудан шыққан судың жартысы алқапқа жетпей ысырап болып жатыр.

«Егінжай күні» – фермерлер үшін маңызды шара. Ғылыми-тәжірибелік семинарда Алматы, Жамбыл және Жетісу облысының басшылары ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді талқылады.

Қазір су тапшы. Сондықтан шаруалар жаңа технологияларға бет бұрып, алқапты тамшылатып суғарғандары абзал. Ауылшарушылық өнімдер бойынша облыс республикалда екінші орында тұр. 12% үлесімен. Өңдеу жағынан да алғашқы орындардамыз. Биыл біз 14 мың га су үнемдеу технологиясына қостық. Жалпы бүгінгі күнге 34 мың га жеттік. Мақсатымыз – 40-тан асыру, 42-ге дейін жеткізу. Оны жыл аяғына дейін өсіретін шығармыз деп отырмыз, - деді Алматы облысының әкімі.

Жиын Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының алқабында өтті. Фермерлер мен тауар өндірушілер өнімдерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты. Жеміс өсіру ісінде ғылыми жетістік бар.

Жаңа алма сорттары – «Анель», «Асылайым» өзінің климаттық жағдайларға қолайлы. Суыққа төзімді. Сондай сорттарды шығарып жатырмыз. Және де жүзімнің жаңа сорттары бар. Гибридтеріміз бар, - дейді Қазақ жеміс және көкөніс ғзи жетекші ғылыми қызметкері Жанар Қойлыбайқызы.

Жалпы еліміздегі егістік алқаптарының 5%-і ғана тамшылатып  суарылады. АҚШ-пен салыстырғанда Қазақстанда су алты есе артық жұмсалады екен. Бұл мәселені шешу үшін кешенді бағдарлама керек.

Ал мамандар «Егінжай күні» сияқты агросектордың дамуы талқыланатын семинарлар әр облыс, аудандарда өткізу қажет дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға