Жаңалықтар

Алматы облысында 30 үй су астында қалды

Алматы облысында 30 үй су астында қалды
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 10.03.2024 23:02 2061

Қосқұдық ауылында жиналған еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қосқұдық ауылында температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың мол еруі және Косқұдық ауылының солтүстік-батыс бөлігінен егістіктер мен жазық жерлерден еріген қар суы ағып келді. Нәтижесінде Түрксіб көшесінде 5 аула аумағы, яғни көшедегі 30 тұрғын үй су астында қалды.

ТЖД және ЖАО күштерімен экскаваторды пайдалана отырып, жиналған еріген қар суын бұру жұмыстары жүргізілуде. ТЖД 30 қызметкері, 5 техникасы және 3 мотопомпасы, ЖАО 4 адамы мен техникасы жұмылдырылды, - делінген мәліметте.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Кейінгі мәліметтер бойынша, су деңгейі төмендеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға