Жаңалықтар

Алматы облысында 15 жастағы қызды жас жігіт пышақтап кеткен

Алматы облысында 15 жастағы қызды жас жігіт пышақтап кеткен
Фото: © Polisia.kz 17.10.2023 09:22 987

Алматы облысында кәмелетке толмаған Сулименко Арина Евгеньевна үйінің жанынан көптеген пышақ жарақаттарымен табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде қыздың Ұзынағаш ауылындағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр. 

Қаскелең қаласындағы қан қабылдау орталығында жасөспірімнің туыстары донор іздеп жатқаны хабарланды. 

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған баланы пышақтап кеткен күдіктіні анықтап, ұстады.

12 қазан күні таңғы сағат 6 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігімен аудандық ішкі істер органдарына тіркелді. Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта фактіні тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен нақты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада. 

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға