Жаңалықтар

Алматы облысы Жамбыл ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды
Фото: Алматы облыстық ТЖД 27.09.2023 02:17 753

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту үшін 2023 жылы 5 нысаналы индикаторды орындау көзделген. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Олардың бірі - өрт сөндіру бекеттерін құру арқылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мәселен, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес 2019-2022 жылдар аралығында облыс аумағында 49 өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді, ағымдағы жылы 17 өрт сөндіру бекетінің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 7 бекет пайдалануға берілді: Жамбыл ауданында 4 бекет, Еңбекшіқазақ ауданында 2 бекет, Райымбек ауданында 1 бекет. 10 өрт сөндіру бекеті аяқталу сатысында: Балқаш ауданында 7 бекет, Кеген ауданында 2 бекет, Талғар ауданында 1 бекет. Қазіргі уақытта аталған аудандарда посттар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Өрт сөндіру бекеті - тәулік бойы ол жерде кезекші қызметкер болатын, бірінші қажеттіліктегі өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған арнайы ғимарат. Сондай-ақ бекеттің жабдықталуына су ыдысы бар тіркеме және өрт мотопомпасы кіреді.

Бұл өрт сөндіру бекеттері шығу кестесіне енгізілген. Қызметкерлермен өрт сөндіру ережелері мен әрекеттері бойынша сабақтар өткізілді. Өрт сөндіруге тарту үшін әдістемелік нұсқаулық, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Өрт сөндіру бекеттерінің негізгі міндеті - өрт сөндіру бөлімшелерінің есептері келгенге дейін оны оқшаулау және оның таралуын шектеу үшін өрттердің пайда болуына жедел ден қоюды қамтамасыз ету.

Ұзынағаш кентінің өрт сөндіру бөлімі бүкіл Жамбыл ауданының жалғыз өрт сөндіру бөлімі болып табылады, алыстағы елді мекендерге өрт сөндіру машинасы орта есеппен бір сағатқа жуық уақытқа жетеді. Осыған байланысты ауданның шалғайдағы ауылдық пункттерінде өрт сөндіру бекеттері салынуда. Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының 15 ауылдық елді мекенінде 15 өрт сөндіру бекеті құрылды. 2023 жылдың 23 қыркүйегінде Жамбыл ауданы Үлгелі ауылында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл жерде ауысыммен жұмыс істейтін 4 қызметкер бар. Өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуына Үлгілі округінің әкімі, ақсақалдар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға