Жаңалықтар

Алматы облыстық ҚХА «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді

Алматы облыстық ҚХА «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді
07.07.2019 16:14 4655

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 12-ші маусымдағы № 699 Бұйрығымен еліміздің аумағында шілде айының бірінші жексенбісі "Ұлттық домбыра күні" деп бекітілген. Осыған орай 2019 жылдың 7 шілде күні Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты - домбыраны насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жандандыру идеясы бойынша қоғамды одан әрі нығайту.

Алматы облыстық ҚХА «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді

Акцияға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Сұрабалдинова, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев, Талдықорған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сәуле Қарамолдинова және БАҚ өкілдері қатысып, 7 шілде күні алғашқы дүниеге келген сәбилер Әйтөре Болат және Нұрислам Имансеріковке ұлттық домбыра аспабын сыйлады.

Алматы облыстық ҚХА «Қасиетті Домбыра» акциясын өткізді

Сәбилердің аналары өз сөздерінде қуаныштарын білдіріп, нәрестелерін домбыраға баулып, еліміздің үлкен азаматтарының қатарына тәрбиелеп қосатындарын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға