pixabay.com

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды

03.04.2023 10:06

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде  18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқанд қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерінде орындайды.

Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.