Алматы маңында жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 450 км қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпулерін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 27-ші қыркүйек күні сағат 19:11-де тіркеген.

Эпицентрі Алматыдан 420 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Зілзаланың энергетикалық класы – 9.6. Магнитудасы – 4.5. MPV. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ, - деп жазылған хабарламада.