Алматыдан 760 шақырым жерде жер сілкінді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
18.03.2024 09:22
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 18 наурыз күні сағат 7:10-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 760 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.9.
MPV магнитудасы — 4.3.
Тереңдігі — 35 км.
Қазақстанда сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

