Алматы лицейінде лай көшкінінен қайтыс болған оқушылармен қоштасу рәсімі өтті
Алматы лицейінді лай көшкінен қайтыс болған оқушылармен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денис пен Сергей Шин биыл 11 сыныпты аяқтауы тиіс еді. Жасөспірім жігіттердің қаралы суреттері №48 лицейдің парақшасында жарияланды.
Шин Денис пен Сергей. Біздің оқушыларымыз, сыныптастарымыз, достарымыз! Сендерді танып-білгендердің жаны қалай ауырғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сендер мәңгі біздің жүрегіміздесіңдер, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты.