Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
01.01.2025 22:30
Фото:
Видеодан кадр
Алматыда жаңа жыл түнінде кафелердің бірінде жастар жаппай төбелесіп қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан қолына орындық пен дубинкалар ұстаған жастардың бір-бірін соққыға жығып жатқаны анық көрінеді.
Қалалық Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттер арасында кафеде жанжал шығып, соңы төбелеске ұласты. Оқиғаға қатысқан барлық азаматтар ұсталып, Медеу ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталуда,-деп атап өтті полициядан.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

