Жаңалықтар

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы қашан ашылатыны белгілі болды

Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалы қашан ашылатыны белгілі болды
Фото: primeminister.kz 18.01.2024 09:02 796

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық маңызға ие.  

Оның ашылуы жолаушылар ағынын арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді деп күтеміз, — деді Әлихан Смайылов.

TAV Airports Holding басшысы жобаны іске асыру барысы жөнінде жаңа ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде құрылыс жұмыстары 87%-ға аяқталған. Жаңа терминал биылғы маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.  

Жалпы былтыр Алматы әуежайы жолаушылар ағынының рекордтық деңгейін тіркеді. Қолданыстағы терминал тек ішкі рейстерге ғана пайдаланылады. Бұл ретте екі терминалдың әлеуеті жылына 14 млн жолаушыға жетеді. Әуе айлағы арқылы жүк тасымалы көлемін 100 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған.

Премьер-Министр Алматы әуежайы теміржол және автомобиль тасымалын қоса алғанда, толыққанды мультимодальды көлік-логистика хабы ретінде дамуы керек екенін атап өтті. Инвестор алдағы жоспарларында мұны ескеруі тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға