Жаңалықтар

Алматы әуежайының топ-менеджері ұсталғаны рас па

Алматы әуежайының топ-менеджері ұсталғаны рас па
Фото: Air Astana 07.01.2024 13:55 899

Әлеуметтік желіде Алматы әуежайының топ-менеджері ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Компания өкілдері ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Компания өкілдері қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен байланыста екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті органдармен байланыс орнатқан. Тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беріледі. Ішкі тергеу де жүргізіліп жатыр. Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 2021 жылы Алматы әуежайы Түрік компаниясының ресми иелігіне өтті. Түркияның TAV Airports (Groupe ADP құрамына кіреді) компаниясы сатып алуды аяқтап, елдің экономикалық астанасында орналасқан Қазақстанның ең көп жұмыс істейтін әуежайы – Алматы қаласы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға