Жаңалықтар

Алматы әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

Алматы әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 15.02.2024 20:35 821

Алматы әуежайындағы жаңа терминалдың құрылысы биыл маусым айында аяқталады. Қала әкімі Ерболат Досаевтың халықаралық әуежайдың салынып жатқан жолаушылар терминалына барып, жұмыстармен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежай президенті Альп Эр Тунга Эрсой жаңа терминал 87% дайын екенін айтты. Ғимаратта заманауи жабдықтар орнатылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай қарастырылған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, ескі терминал ішкі рейстер үшін пайдаланылады,  жаңасы екеуі жер үсті өткелі арқылы жалғанады.

Қала басшысының айтуынша, жаңа терминалдың құрылысы келу туризмін дамытуға септігін тигізеді. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артады.

Айта кеетйік, биыл қалаға келетін шетелдік туристер саны 520 мың адамға, ал 2030 жылға қарай 1 млн адамға дейін өседі деп болжанып отыр.

Әкім әлемдік стандартқа сай сапалы құрылыс материалдарын пайдалануға шақырып, құрылысты осы жылдың маусым айында аяқтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға