Жаңалықтар

Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты әуе компания түсінік берді

Алматы әуежайындағы жағдайға байланысты әуе компания түсінік берді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 17.02.2024 16:30 866

Алматы халықаралық әуежайы мен Air Astana компаниялар тобы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

16 ақпанда Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар рейстер кешікті. Бұл күні нөсер қардың салдарынан ұшу-қону жолағын үздіксіз тазарту және ұшақтарды мұздан тазарту үшін қосымша уақыт қажет болды. Бұл ұшақтардың келуіне де әсер етті. Қонғаннан кейін кейбір ұшақтар жермен жүру жолында қалды. Өйткені тұрақтардың барлығы халықаралық және отандық әуекомпаниялардың таңертеңгі және күндізгі рейстерін орындаған ұшақтарға толы болды.

Бұл жағдай бүгінгі күнге дейін рейстердің тізбекті кешігуін тудырған. 17 ақпанда Алматы әуежайында әуе кемелерінің тәуліктік ұшу және ұшу жоспарының едәуір ұлғаюына байланысты рейстердің кешігуі жалғасып отыр. Форс-мажорлық жағдайларға байланысты техникаға, баспалдақтарға, автобустарға, жолжүк транспортирлеріне қосымша жүктеме пайда болды. Бұл өз кезегінде жолжүкті түсіруді кідірткен.

  • Қазіргі уақытта Air Astana, FlyArystan әуе компанияларының және әуежай қызметтері жақын арада кестені қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Кешіккен рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусындар берілді. Алматыда 70-тен астам жолаушы және Астанада 90 жолаушы қонақ үйлерге орналастырылды. Call Centre-ге қоңырау шалу үшін қосымша қызметкерлер тартылды. Біз рейстердің кешігуі жолаушыларға қолайсыздықтар әкелетінін түсінеміз. Бірақ ауа райы жағдайлары әуе компаниялардың кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Өйткені біздің басымдылығымыз қауіпсіздік болып табылады, - деді Air Astana әуекомпаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға