Алматы әуежайындағы оқиға: жанармай құю көлігі Lufthansa ұшағымен соқтығысты
13 қазан күні шамамен сағат 01:25-те жанармай құю көлігі Алматы – Астана бағыты бойынша (LH648 рейсі) ұшуға дайындалып тұрған Lufthansa әуе компаниясының Airbus A340 ұшағымен соқтығысып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға жанармай құю аяқталғаннан кейін болған. Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, ұшақ қозғалтқышының қақпағынан сызаттар анықталған, алайда инженерлік қызмет тексерісінен кейін әуе кемесіне ұшуға рұқсат берілді.
Қазіргі уақытта ұшу қауіпсіздігі департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп жатыр.
Жолаушылар мен экипажға келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Әуежайдың қауіпсіздігі мен сенімді жұмысы – біздің басты басымдығымыз, – деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

