Жаңалықтар

Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді

Алматы әуежайында туристерге естелік сыйлықтар табыс етілді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 02.05.2024 01:27 578

Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау аясында Алматы қаласы туризм басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы қаласы шекаралық бақылау басқармасымен және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, «Қонақтарға кәдесый» дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық терминалға келген әрбір жолаушыға қаланың ұлттық ою-өрнектері мен мәдени көрікті жерлері бейнеленген стикерлер түріндегі символдық сыйлық берілді. Шара 6 мыңнан астам жолаушы тасымалдайтын 30-ға жуық халықаралық рейстерді қамтиды.

Қалалық туризм басқармасы атап өткендей, Алматы әртүрлі және көп мәдениетті атмосферасының арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар үшін тартымды орын болып табылады. Акция туристерді тартуға және елдегі алғашқы жағымды әсерді («travel experience») қалыптастыруға, халықаралық қонақтардың қала тарихы мен мәдениетін құрметтеуіне және терең түсінуіне бағытталған.

Алматы қаласының этникалық құрамының алуан түрлілігін ескере отырып, қазақтар (62,4%), орыстар (20,5%), ұйғырлар (5,4%), корейлер (1,8%), татарлар (1,5%), украиндар (1%), әзірбайжандар (0,9%) және т. б. ұлттар үшін бұл іс-шараны өткізу мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға