Алматы әуежайында «Тәтті кәдесый сыйлыққа» акциясы өтеді
21.03.2025 07:35
Фото:
Алматы қаласы әкімдігі
21-23 наурыз аралығында Алматы халықаралық әуежайында «Тәтті кәдесый сыйлыққа» акциясы өтеді. Бұл бастама мерекелік атмосфера қалыптастыруға және қазақтың қонақжайлығын көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акция ұйымдастырушылары - қалалық туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы, «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы және «Жетісу» кеден бекеті.
Жоспар бойынша шамамен 10 000 шетелдік жолаушыға ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәтті печенье сыйға беріледі. Сонымен қатар, әуежайда арнайы баннері бар фотоаймақ орнатылып, келушілер дәстүрлі шапан киіп, естелік суретке түсе алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

