Жаңалықтар

Алматы әуежайында қызметкер жолаушылардың затын ұрлаған

Алматы әуежайында қызметкер жолаушылардың затын ұрлаған
Фото: Polisia.kz 12.04.2024 12:15 752

Алматы қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы – Дубай, Алматы – Прага және Алматы – Гонконг халықаралық бағыттары бойынша әуежайдағы уақытша сақтау қоймасы аумағында бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлаумен айналысқан 29 жастағы азаматтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұсталған азамат әуежайдың уақытша сақтау қоймасында жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүріп, осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жалпы сомасы 7 645 371 теңге құрайтын мүлікті ұрлаған. Көлік полицейлерімен жедел тәртіпте ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуі барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы барлық ауыр фактілер бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өз кезегінде, еліміздің әуе көлігі қызметтерін пайдаланатын азаматтарға жеке заттарына қырағы болуды, сақтық шараларын сақтауды, құқық бұзушылық анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды тағы да еске саламыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға