Алматы әуежайында бірқатар рейс уақытында ұша алмай жатыр
Мөлдір Қайнар тілші
08.01.2025 12:31
Фото:
pixabay.com
Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында "Алматы-Астана", "Алматы-Шымкент" және өзге де бағыттар бар.
2025 жылғы 8 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, – деп хабарлады әуежайдан.

