Жаңалықтар

Алматы әкімі жылу магистралін жаңғырту барысымен танысты

Алматы әкімі жылу магистралін жаңғырту барысымен танысты
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 21.06.2024 11:20 250

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары және халықпен есеп беру кездесуі кезінде Жетісу ауданында жылу магистралін жаңғыртудың қалай жүргізіліп жатқанын тексеріп, Алатау ауданының Саялы шағын ауданында кәріз тарату желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Диаметрі 250-ден 600 мм-ге дейінгі жөндеуге болатын жылу магистралі 1981 жылдан бастап пайдалануға берілді және өзінің 25 жылдық нормативтік мерзімін өтеді. Соңғы бес жылда құбырда 20-ға жуық зақым тіркелді. 2022 жылдан бастап Алматы әкімінің тапсырмасы аясында 5 865 метр жылу магистралін ауыстыру бойынша үш жылдық жоба басталды. Қазір Айнабұлақ-2 шағын ауданынан Павлодар көшесіне дейінгі аумақта 2,1 шақырым құбырды қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұл жұмыс биыл күзде аяқталады деп жоспарланған.

Құбыр 344 көппәтерлі үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 өзге де нысан тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту осы учаскедегі жылу шығынын, тозуды және апатты азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс жүргізу кезінде тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтаудың уақытша схемасы көзделген.

Алатау ауданында Ерболат Досаев Саялы шағын ауданындағы кәріз тарату желілері бойынша құрылыс жұмыстарын барысын тексерді.
15 жыл бұрын құрылған шағын аудан орталық сумен жабдықтау желісіне қосылған, алайда Алатау ауданының әкімдігі мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандырудың арқасында биыл ғана жеке сектор үшін кәріз желілерін сала алды.

Биыл маусым айында 1,4 км желінің құрылысы басталды, осы жылдың тамызында аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде орталық кәріз желісімен 600-ге жуық адам қамтамасыз етіледі.

Алматының Алатау ауданында қазір Алғабас, Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет, Өжет, Саялы, Боралдай және Ақбұлақ сияқты 8 шағын аудандарда инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Желілердің жалпы ұзындығы 315,88 км.

Жер телімі қалаға қосылмай тұрып алынған. 2014 жылдан бастап құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді жатты, әрине, бірінші кезекте жол және инженерлік инфрақұрылымды қарастыру қажет болды. Дегенмен, мұнда адамдар өмір сүріп жатқандықтан, жайлы жағдай жасау керек. 2023 жылдан бастап Алатау ауданында сумен жабдықтау және су бұру, электр қуатын өткізу бойынша ауқымды жобалар жүргізілуде, газ жүргізу мәселесі шешілді. Осы жобалардың арқасында Алатау ауданының жеке секторының тұрғындары алғаш рет қалалық коммуналдық қызметті пайдалана алады, - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргізуді және инфрақұрылымдық нысандарды жаңғыртуды мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға