Алматы әкімі соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтады
09.05.2023 01:30
Фото:
instagram.com/akimat_almaty
Жеңіс күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнайы барды. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Әкім Бисенғали Жұбаниязовпен, Владимир Белозеровпен және Зұлхарнай Сейітовпен кездесті. Олардың барлығы майданға жасөспірім шақта аттанған.
Қала басшысы майдангерлерді мерекемен құттықтап, соғыстағы ерлігі үшін алғыс білдіріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Әрі сыйлық табыс етіп, 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне шақырды, - делінген мәліметте.
Айта кетер жайт, бүгінде Алматыда 56 ардагер тұрады. Биыл қала әкімінің ұсынысымен ҰОС ардагерлеріне берілетін төлем 1,5 миллион теңгеге дейін көбейтілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

