Жаңалықтар

Алматы әкімі әйелімен бірге сайлауда дауыс берді

Алматы әкімі әйелімен бірге сайлауда дауыс берді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 19.03.2023 18:58 713

Алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

​«Бүгін өтіп жатқан сайлау Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға болып табылады және Мемлекет басшысы өткен жылдың наурыз айында жариялаған саяси реформалардың соңғы кезеңін білдіреді. Қала Мәжіліс пен маслихаттың сайланған  депутаттары алдында жаңа міндеттер туындайды және олардың жұмысы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Қазақстан мен біздің сүйікті Алматының тағдырына шын жүректен алаңдайтын алматылықтар бей-жай қарамайтынына және және жарқын болашаққа дауыс беретініне сенімдімін», - деді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға