Жаңалықтар

Алматы әкімдігі қалада күндіз неге шам жанып тұратынын түсіндірді

Алматы әкімдігі қалада күндіз неге шам жанып тұратынын түсіндірді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 14.10.2024 20:25 151

«Алматы Қала Жарық» компаниясының басшысы Игорь Мысиктің айтуынша, бұл шам ауыстыру, желіні тексеру, үзілген немесе қысқа тұйықталу орындарын анықтау сынды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компания басшысы жарықтандыруға қызмет көрсетуді аудан әкімдіктеріне бергеннен кейін мәселе тезірек шешілетінін атап өтті. Қазір желіге тәулік бойы жұмыс істейтін 40-тан астам жөндеу бригадасы шығады. Өтінімді қарау мерзімі қысқарды.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, компания тез істен шыққан арзан шамдардан бас тартқан. Игорь Мысиктің айтуынша, бұған дейін сапасыз өнім жеткізген компаниялар тендерге қайта қатысуға тырысып жатыр. Алайда өнімнің сапасыз болуына байланысты тендер нәтижесін жоюға тура келеді. Бұл сотқа жүгінуге, шамдардың уақытша жетіспеушілігіне әкеледі. Қазір шамдар қажетті мөлшерде және өтінімді орындауда ешқандай мәселе жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға