Жаңалықтар

Алматы әкімдігі хостелде қаза болғандардың отбасына 1 миллион теңгеден береді

Алматы әкімдігі хостелде қаза болғандардың отбасына 1 миллион теңгеден береді
Фото: Әлеуметтік желі 30.11.2023 18:30 1141

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев қала әкімі қаулыға қол қойғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша марқұм болған әрбір Қазақстан азаматына мәйіттерді тасымалдауға көмек көрсетумен қатар 1 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл қаулыға қала әкімі қол қойды, - деді Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев.

Ал шетелдіктердің отбасыларына марқұмдардың денелерін жерлеу орындарына жеткізуге көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, хостелдегі өртті сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза болған  13 адамның 10-ының жеке басы анықталды. Олардың сегізі – Қазақстан азаматтары, біреуі – Ресей, тағы біреуі Өзбекстан азаматы екен. Хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға